01.08.2023 Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына!
Ағымдағы жылдың 28-29 шілдесінде ҚР Ұлттық экономика
министрі А.С.Қуантыров жұмыс сапарымен Атырау облысына келді. Сапар барысында
министр «Атырау жылу жүйелері» АҚ жұмысымен және инвестициялық бағдарламаның
іске асырылу барысымен танысты.
«АЖЖ» АҚ президенті Ә.Н.Темірғалиев министрді 2023 жылға
арналған инвестициялық бағдарламаның орындалу барысымен таныстырды. 2023 жылға
арналған бекітілген тарифтер шеңберінде жергілікті атқарушы органдармен
бірлесіп, кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы, жылу энергиясын беру және тарату
бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке тарифті көтермей, бекітілген сома
шегінде түзетілді. «АЖЖ» АҚ-ның 2023 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы
мынадай бөлімдерден тұрады: жалпы сомасы 573 млн. теңге болатын жылу желілерін
реконструкциялау және жаңғырту, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін
арттыру – 152 млн. теңге, жабдықты жаңғырту - 22 млн. теңге. Бұл шаралар жылу
желілерінің тозуын ағымдағы жылдың соңына дейін 1,5%-ға төмендетуге және жылу
энергиясының техникалық ысыраптарының деңгейін 2023 жылғы тарифтік сметада
бекітілген көрсеткіштерге дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, кәсіпорын президенті министрге «2023-2030 жылдарға
арналған жылу желілерін реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі бағдарламаны»
ұсынды. Бұл бағдарламаның мақсаты жылу желілерінің тозуын 2030 жылға дейін 15%-ға
төмендету болып табылады. Бағдарлама үш бөлімнен тұрады: бірінші бөлім -
қолданыстағы инвестициялық бағдарлама және 2026-2030 жылдарға арналған
инвестициялық бағдарлама есебінен, екінші бөлім - республикалық бюджеттен
жеңілдетілген кредит алу есебінен, үшінші бөлім – жергілікті атқарушы органның
балансына жылу желілерін беру қорытындылары бойынша жергілікті бюджет есебінен.
Жүргізіліп жатқан барлық шаралар авариялар мен
өшірулердің санын азайтуға, шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Кейіннен бұл көрсетілетін
қызметтердің сапасы мен сенімділігін жақсартады.
А.С.Қуантыров кәсіпорын жұмыскерлерінің
жалақысы мәселесіне ерекше назар аударды. Өткен жылдың соңында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев
энергетикалық кәсіпорындарға қолданыстағы тарифтік сметаға жұмыскерлердің
жалақысын ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізуге мүмкіндік беретін заң жобасына
қол қойғаны белгілі.
Ағымдағы жылдың наурыз айында,
заңға тәуелді актілер бекітілгеннен кейін, біз «АЖЖ» АҚ жұмыскерлеріне
бекітілген тарифтік сметаны жалақыны ұлғайту бөлігінде өзгертуге Табиғи
монополияларды реттеу комитетінің Департаментіне өтінім бердік. Тарифтік
сметаны бекіту қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың маусым айынан бастап
өндірістік персоналдың жалақысы айтарлықтай өсті.
Акционерлік қоғамның жұмысымен танысқаннан кейін Ұлттық экономика министрі А.С.Қуантыров инвестициялық бағдарламаның орындалуын мұқият бақылауды тапсырды және барлық жоспарланған іс-шараларды іске асыруда табыс тіледі.