13.05.2020 Қала тұрғындары мен облыс орталығы қонақтарының назарына!
«Атырау жылу жүйелері» АҚ 2020 жылдың 19 және 20
мамыры аралығында жылу желілерінде жоғары қысыммен гидравликалық сынақтар
жүргізілетіндігін хабарлайды.
Қала тұрғындары мен қонақтарына
сақтық шараларын сақтауға және сынақтар
жүргізілетін жерлерге автокөліктерін қоюды тоқтата тұруға кеңес беріледі. Қауіпсіздік
шараларының қамтамасыз етілуіне қарамастан тұрбақұбырларының жарылуы, судың
сыртқа шығуы, жерасты тұрбақұбырларының үстіндегі көркейту элементтерінің
қирауына әкелетін жер беті тұтастығының жартылай бүлінуі сияқты күтпеген жағдайлар болуы мүмкін.
Бұндай жағдайларда өз бетімен
ешқандай әрекет етпеңіздер, 32-22-58, 99-43-07, 99-43-98 телефондарына қоңырау
шалыңыз да дереу оқиға орнынан кетіңіздер.
Сынақтың өткізілу кезеңінде
тұтынушыларға ыстық судың берілуі тоқтатылады.