ТОО «Атырауские тепловые сети»

ТОО «Атырауские тепловые сети». Основными видами деятельности ТОО «АТС» является передача и распределение тепловой энергии всем присоединенным к теплосети потребителям города Атырау, а также ремонт и эксплуатация тепловых сетей.

Новости компании

11.08.2026 Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына!

Күрделі жөндеу жоспар-кестесіне сәйкес жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргзуіне байланысты «Атырау жылу жүйелері» ЖШС 2026 жылдың 17 мен 28 тамыз аралығында қала бойынша магистральды жылу құбырларын «ТОЛЫҚ ТОҚАТЫЛУ» болатынын және көрсетілген мерзімде барлық жылу пункттерінен уақытша ыстық су беру тоқтайтынын хабарлайды.

Осыған байланысты уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Жылумен жабдықтау жүйесін толық тоқтатудың қажеттілігі туралы.

Жылумен жабдықтау жүйесін толық тоқтату – жылу желілері мен ЖЭО жабдықтарын алдағы жылыту маусымына дайындау үшін жүргізілетін жоспарлы технологиялық іс-шара.

Жазғы кезеңде Атырау қаласының жылумен жабдықтау жүйесі тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету мақсатында жүктемемен жұмыс істейді.Сондықтан жабдықтарды ажыратпай жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкін емес.

Толық тоқтату кезеңінде ыстық су беру уақытша тоқтатылып, тиек арматурасына, сорғы жабдықтарына, ЖЭО-ның су жылыту қондырғыларына ревизия және жөндеу жұмыстары жүргізіледі, сондай-ақ ақаулы жабдықтар мен құбырдардың ақаулы учаскелері ауыстырылады.

Толық тоқтату жазғы жөндеу жұмыстарының негізгі көлемі орындалғаннан кейін, жылыту маусымы басталар алдында жүргізіледі.Бұл жыл бойы толық ажырату мүмкіндігінсіз пайдаланылған жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуге және олардың қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ыстық сумен жабдықтаудың уақытша тоқтатылуына байланысты туындайтын қолайсыздықтарға қарамастан, толық тоқтатуды жүргізу жылумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыру, апаттық жағдайлардың алдын алу және жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін қажет.

«Атырау жылу жүйелері» ЖШС қала тұрғындарынан

ыстық сумен жабдықтаудың уақытша тоқтатылуына түсіністікпен

қарауды және уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.