АО «Атырауские тепловые сети»

АО «Атырауские тепловые сети». Основными видами деятельности АО «АТС» является передача и распределение тепловой энергии всем присоединенным к теплосети потребителям города Атырау, а также ремонт и эксплуатация тепловых сетей.

Новости компании

05.09.2024 Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына!

«ТОЛЫҚ ТОҚТАУ» ДЕГЕНІМІЗ НЕ

 Жылу желісінің күрделі жөндеуге толық тоқтауы (полный останов) - бұл жыл бойы пайдалануда болған ЖЭО-дағы су жылыту қондырғылары мен магистралды жылу желісін аталған қондырғылардың, сондай-ақ секциялық, дренаждық, ауа және отпаечный бекітпе арматуралардың (ысырмалардың) жабдықтарын жөндеу үшін ажырату

Атырау қаласында жылыту маусымы қазан айының екінші жартысынан басталып, келесі жылдың сәуір айының екінші жартысында аяқталады. Жылыту кезеңінде жылумен жабдықтау жүйесі толық жүктемемен жұмыс істейді, бұл процеске жылумен және ыстық сумен жабдықтайтын барлық желілер қатысады. Осы кезеңде жылумен жабдықтаудағы іркіліс ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Риддер мен Екібастұз қалаларында соңғы жылдары орын алған оқиғалар туралы және жабдықтардың тозуы мен олардың уақтылы жөнделмеуі қандай салдарға әкеп соқтырғаны туралы бәріңіз де хабардарсыздар.

Бұған жол бермес үшін елді мекендерді жылумен жабдықтау жүйесінде жазғы маусымда (сәуір - қазан айлары аралығында жылуды өшіру кезеңінде) жылу желілері мен Жылу электр орталығының (әрі қарай – ЖЭО) су жылыту қондырғыларының барлық жабдықтарын жөндеуге мүмкіндік беретін техникалық-регламенттік іс-шаралар әзірленеді және жұмыс істейді. Бұл үшін жылумен жабдықтауда «толық тоқтау» (полный останов) ұғымы қолданылады.

Толық тоқтау кезеңінде қаланы жылумен жабдықтау жүйесінің жұмыс схемасы тоқтатылады, тұтынушылар жыл бойы пайдаланған ыстық сумен жабдықтау процесі де тоқтатылады. Тұтынушы ыстық суды пайдалануға мүмкіндік беретін жабдықтың да тозатынына және оны да барлық басқа жабдықтар сияқты жөндеу қажет екеніне жете мән бере бермейді.

Бұл іс-шараны орындау үшін жылыту маусымы басталғанға дейінгі соңғы айды (қыркүйек) қалдырады, яғни жылумен жабдықтау желілерін жылыту маусымына дайындауға қатысты барлық жұмыстар негізінен аяқталған кезде. Толық тоқтау кезеңінде барлық бекітпе арматураға, сорғыларға және жыл бойы ажыратусыз пайдаланылған басқа да жабдыққа техникалық қызмет көрсетіліп, пайдалануға жарамсыз жабдық жаңасына ауыстырылады. Тұрбақұбырларының ақаулы учәскелерінде тұрбалар ауыстырылады. ЖЭО-ның күрделі жабдықтарында іске қосу алдындағы дайындық жүргізіледі, жеделдетілген қарқынмен су жылыту қондырғыларының жабдықтарын жөндеу, тексеру және ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.

Толық тоқтау шараларын жазда жүргізу бірнеше себептерге байланысты мүмкін емес:

- тұрбақұбырларының тозу деңгейі жоғары болуына байланысты жылыту маусымына дайындық және оның апатсыз өтуі бойынша жұмыстардың үлкен көлемін орындау үшін көктем - жаз кезеңін барынша пайдалану қажет, ол үшін толық күндізгі жарық уақытты, қажет болған жағдайда  - демалыс және мереке күндерін де пайдалану керек болады;

- қатты ыстыққа байланысты халықтың кондиционерлер мен тоңазыту қондырғыларын жаппай пайдалануы салдарынан жазда электр энергиясын тұтыну максималды деңгейде болады. Егер осы кезеңде толық тоқтау жүргізілсе - бұл турбиналардың пайдаланылған буын іріктеу көлемінің азаюына әкеп соғады, бұл өз кезегінде ЖЭО турбиналарының генерациясының күрт төмендеуіне алып келеді де, облыстың энергиямен қамтамасыз ету жүйесінде іркіліс болып, соның салдарынан қоғамда әлеуметтік наразылық туындауы мүмкін;

- тек Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесі бар ТМД-ның барлық қалаларында да жылыту маусымы басталғанға дейінгі соңғы айда толық тоқтау болады, бұл іс-шара тиісті құжаттармен реттелген. Елді мекеннің орналасқан географиялық ендігіне байланысты жылыту маусымының басталуы әр жерде әр уақытта болағанымен,  орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелері үшін техникалық регламенттің талаптары, біз қаласақ та, қаламасақ та, барлық жылу беруші ұйымдар үшін бірдей болып қалады.

Сонымен қатар, толық тоқтау кезеңінде тұтынушыларды ыстық сумен жабдықтаудан ажырату экономикалық тұрғыдан алғанда кәсіпорынның өзіне де тиімді емес, өйткені бұл кезеңде тұтынушыларға ыстық су есептелмейді. Бірақ кәсіпорын қысқы кезеңдегі жұмысқа тиісті дайындық жұмыстарын атқару үшін бұл іс-шараны жүргізуге мәжбүр. Сонымен қатар, қаладағы орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қосылған объектілердің үлесі баламалы жылумен жабдықтау көздері бар объектілердің жалпы массасының 30% -нан аспайды. Сондықтан, «қала ыстық сусыз қалды» дегенде, осы 30%-да тұратын тұтынушыларға ғана қатысты, яғни қаланың басқа тұрғындарының өміріне толық тоқтау әсер етпейді.

Кәсіпорын өзінің өндірістік қызметі барысында қала тұрғындарына белгілі бір қолайсыздықтар туғызатынын түсініп, кешірім өтінеді және осы іс-шараны өткізу қажеттілігіне түсінушілікпен қарауды сұрайды