07.07.2022 Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарының қаперіне!
            «Атырау жылу жүйелері» АҚ
хабарлайды: 
Күрделі жөндеудің 
жоспар-кестесіне сай жылу пункттерінің жабдықтарына ревизия жүргізу
бойынша жөндеу жұмыстарына байланысты 2022 жылдың шілде айының 11-і мен 15-і
аралығында келесі Орталық жылу пункттерінен (ОЖП) төменде келтірілген
мекенжайлар бойынша орналасқан нысандарға ыстық судың  берілуі уақытша тоқтатылады:
·        
«ЖД-1» ОЖП-нен С.Датов көшесіндегі №№№ 11, 11а, 12, 13, 14, 15, 21, 23, 25, 27, 29, 31,
33, 35а, 35б, 35в, 35г үйлерге, Махамбет көшесі №134 үйге, Достык  көшесіндегі №№ 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10,
11, 12, 13, 15 үйлерге;
·        
 «Алмагүл-1»
ОЖП-нен Алмагүл мөлтек ауданындағы №№ 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11,
12, 13, 14, 15, 16 тұрғын үйлерге;
·        
«Экспериментальный» ОЖП-нен Сары-Арқа  мөлтек
ауданындағы № 28, 29, 30, 31, 32, 33, 35, 37, 38, 39, 40, Сәтпаев бойындағы  № 13 үйге.
Осыған байланысты уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
