27.06.2025 Атырау қаласының жылу энергиясын тұтынушылардың назарына!
«Атырау жылу жүйелері» ЖШС жылу энергиясын тұтынушыларға 2025 жылғы 01 шілдеден бастап «Жылу
энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 08 шілдедегі
№120-VIII ҚРЗ Заңының талаптарына сәйкес тұтынушыларға жылу энергиясын өткізу
(жабдықтау) бойынша қызметті жүзеге асыра бастайтыны туралы хабарлайды, «Атырау
жылу электр орталығы» ЖШС бұл қызметті тоқтатады.
Тұтынушыларға жылу энергиясын өткізу (жабдықтау) бойынша қызмет көрсету «Атырау
жылу жүйелері» ЖШС-не өтеді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің
483-бабының 2-тармағына сәйкес 2025 жылғы 01 шілдеден бастап, яғни абоненттің жалғанған
желіге іс жүзінде белгіленген тәртіппен қосылған кезден бастап Жария шарт болып
есептелетін жылу энергиясын өткізу (жабдықтау) бойынша қызметтер көрсетуге
арналған шарт «Атырау жылу жүйелері» ЖШС-мен жасалған болып есептеледі.
Бұдан басқа, «Атырау жылу жүйелері» ЖШС «АЖЭО» ЖШС-не жылу энергиясын
жабдықтау қызметтері үшін берешегі бар тұтынушыларға мынаны хабардар етеді: «Атырау
жылу электр орталығы» ЖШС-нің берешегін талап ету құқығынан шегіну шарты
бойынша «Атырау жылу жүйелері» ЖШС-не
берілді, яғни Борышкерлердің шегінген берешегіне (уступленная задолженность) айрықша
құқығы бар жалғыз тұлға болады.
«Атырау
жылу жүйелері» ЖШС әкімшілігі